Отан қорғаушыларға арналған ескерткіш

2023 жылдың 7 мамырында ЮР-21-01 академиялық тобының студенттері («Құқықтану» білім беру бағдарламасы) куратор Г.А. Канафинамен бірге Отан қорғаушылар монументіне барып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Іс-шараның мақсаты: Ұлы Отан соғысы оқиғалары туралы түсініктерді қалыптастыру және бекіту, жеке тұлғаның адамгершілік мінез-құлық тәжірибесін бекіту, тарихи-мәдени мұраны сақтау, қазіргі ұрпақтың бойында патриотизм сезімін тәрбиелеу.