Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кураторлық сағат

А. ж. 4 мамырда куратор Б.Б. Мажитова Отан қорғаушылар күніне және Жеңіс күніне арналған «Қаржы» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттеріне (Ф-22-01, Фт-22-01 академиялық топтары) кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағаттың мақсаты: студенттердің бойында патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, Ұлы Отан соғысы жылдарында жасалған батырлықтың мысалында соғыс ардагерлеріне, қарттарға, өз халқының тарихи өткеніне құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Студенттер Э. Илюсизова, Д. Мейрманов   баяндама жасап, отандастарымыз Бауыржан Момышұлы, Рахымжан Қошқарбаев, Талғат Бегелдинов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлованың ерліктері туралы айтып, қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы туралы презентация көрсетті.