Отан қорғаушылар күніне арналған кураторлық сағат

 2023 жылғы 4 мамырда студенттерді патриотизм және Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу мақсатында педагогика кафедрасының кураторлары Г.Ж. Рахимжанова және Н.А. Кударова ПП-21-01 және БО-21-01 академиялық топтарында (2 курс, «Педагогика және психология», «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламалары) «7 мамыр – Қазақстандағы Отан қорғаушылар күні» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.

Кураторлық сағат Отанымыздың шекарасын қорғайтын, қазіргі уақытта Қазақстан армиясы қатарында қиын қызмет атқаратын барлық ер азаматтар – Отан қорғаушыларға арналған. Кураторлық сағат барысында студенттер Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған батыры Б.Момышұлы туралы фильм көрді, сондай-ақ интерактивті түрде еліміздің Қарулы күштерінің қалыптасу тарихымен танысты.