«Отан үшін от кешкен ерлерге тағзым»

2025 жылғы 6 мамырда шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының доценті С.Е. Давлетова ШТ-22-01 академиялық тобында (3-курс, «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы) патриотизм, азаматтық жауапкершілік сезімін нығайту және студент жастардың тарихи санасын қалыптастыру мақсатында 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған ашық сабақ өткізді. Интерактивті сабақ барысында еліміздің батырлары – Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов туралы және олардың ерліктері жайлы әңгімелер тыңдалды.