«Отбасы – өмірдің негізі»

2023 жылғы 19 қыркүйекте экономикалық және математика пәндері кафедрасының кураторы А. Г. Қожахметова 1, 3 курс студенттеріне (Қ-21-01, Қ-23-01 академиялық топтары «Отбасы – өмір негізі» кураторлық сағатын өткізді. Кураторлық сағаттың мақсаты: жастарға отбасын құру мен балаларды тәрбиелеудің, отбасының бірлігі мен тұтастығын сақтаудың құндылығы мен маңыздылығын түсіндіру болды. Студенттер талқыланған мәселелер бойынша өз пікірлерін білдіре отырып, іс-шараға белсенді қатысты.