«Отбасылық құндылықтарды нығайту» тренингі
2023 жылдың 18 сәуірінде отбасы және отбасылық құндылықтар институтын нығайту мақсатында А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының педагогика кафедрасының аға оқытушысы Ж.Е. Турманова «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» (БО-22-01 академиялық тобы) білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері үшін «Отбасылық құндылықтарды нығайту» тақырыбында тренинг өткізді.