Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу
2025 жылғы 17 қыркүйекте А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтына студенттермен кездесуге құқық қорғау органдары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері келді.
Есіл ауданы полиция басқармасының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің аға инспекторы Ж.Ж. Молдабаева құқық бұзушылықтың алдын алу, қорғау шаралары және уақтылы көмек сұраудың маңыздылығы туралы айтып берді.
««Даму» қазақстандық қауымдастығы» ЗТБ басшысы Анар Арғынқызы өз сөзінде қоғамдық бастамаларды дамыту тақырыбын және қазіргі қоғамдағы үкіметтік емес ұйымдардың рөлін қозғады.
Кездесу барысында студент жастарды құқықтық мәдениет рухында тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінді.


