«Оян, қазақ!» фильміне саяхат
27 қыркүйек күні 6В01701 – “Қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығының студенттері және кафедра оқытушылары “Оян, қазақ!” көркем фильмін тамашалады. Көркемсуретте
Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы өмірінің 1909-1935 жылдардағы кезеңі қамтылады. Міржақыптың «Оян, қазақ!» кітабының жарыққа шығуы, «Бақытсыз Жамал» романының жазылуы, революциядан кейінгі жылдардағы, ашаршылық кезіндегі қоғамдық-саяси қызметі, Қызылорда, Семей, Мәскеудің әйгілі «Бутырка» абақтысындағы жылдары және жан жары Ғайнижамалмен махаббат хикаясы баяндалады.