«Қозы мен Баян»

ППК-15-01 тобы үстіміздегі жылдың 21 ақпан күні елордадағы Жастар театрына барып, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы мен Баян» мюзиклін тамашалап қайтты. Қозы мен Баянның пәк махаббат дастаны сахнада заманауи үлгіде үн қатты. Қойылым студенттердің эстетикалық талғамын қалыптастырып, поэзияға деген сүйіспеншіліктерін арттыруға ықпал етті.