Парасатқа тағзым

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Көкжиек» ғылыми-шығармашылық клубының ұйымдастыруымен М.Әуезов, Ш.Мұртаза, О. Бөкеевтің туған күніне арналған «Парасатқа тағзым» атты әдеби-танымдық кеш өтті. Онлайн форматта өткізілген кешке Еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, магистр Г.С. Райнбекова мен «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 1курс студенттері қатысты. Кеш барысында студенттер жазушылардың шығармаларын талдап, өзіндік ой-пікірлерін білдірді. Сондай-ақ, Б.Мұратбек, М.Тоқтарбекова ЕАГИ студенттері атынан сөз сөйлеп, өлеңдерін оқыды.