«Парасатты қоғам» бейнероликтер байқауы
2020 жылдың 25 желтоқсанында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Департаменті – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мен парасаттылық құндылықтарын ілгерілету мақсатында ұйымдастырылған «Парасатты қоғам» бейнероликтер байқауында Еуразия гуманитарлық институтының «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Мухамедьянова Асемай Кайратқызы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл негізі ретінде парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру және дамыту» атты бейнероликпен қатысып, 2 орын жүлдегері болды.
Белсене қатысқаны үшін 5В030100 – «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттері – Шуханов Р.С., Калкенова А.У., Бегімтаева А.Қ. Алғыс хатпен марапатталды.
Ғылыми жетекшсі: заң пәндер кафедрасының аға оқытушы, з.ғ.м. Канафина Г.А.