Патриоттар форумы

2015 ж. 5 қазанда институт оқытушылары мен студенттері 2007 жылдан бастап еліміздің әр түрлі қалаларында өтетін республикалық патриоттар форумына қатысты. Биыл форум Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаев «Мәңгілік ел» ұлттық идеясына арналды. Форумның басты мақсаты – тәуелсіздік, ұлттық бірлік, келісім мен бейбітшілік құндылықтарын республиканың барлық тұрғындарына насихаттау. Форумда жыл сайынғы «Жыл патриоты» конкурсын қорытындылау рәсімі өтті.