ПДТ-19-01 тобындағы кураторлық сағаты

2021 жылдың 29 қарашасында ПДТ-19-01 тобында Тұңғыш Президент күніне арналған кураторлық сағат өтті. Бұл іс-шараға топ кураторы, аға оқытушы Н.В. Никульшина презентация дайындады. Топ кураторы студенттерге Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен саяси қызметі, еңбектері мен марапаттары және мерекенің пайда болу күні туралы айтып берді. Студенттер Ұлт Көшбасшысының Қазақстанның дамуындағы маңыздылығын атап өтті.