Педагог ізденісі: жазушы С.Мұратбеков”

Үстіміздегі жылдың сәуір айының 28-29 жұлдызы аралығында Алматы қаласындағы «LD Press» Оқыту және дамыту орталығының ұйымдастыруымен ҚР Мемлекеттік сыйлығының және Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты, Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері, жазушы С.Мұратбековтің 80 жылдық мерейтойына орай өткізілетін «Сайын Мұратбеков шығармашылығы: ұлттың рухани-мәдени дамуындағы рөлі, әдебиеттану мәселелері және педагогикалық ізденіс» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция-конкурсқа Институтымыздың 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенттері Есберген Жамбыл мен Жорматов Айдос «Көркем сөз шебері» номинациясы бойынша қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Ал «Филологиядағы ізденістер» номинациясы бойынша Институтымыздың қазақ және орыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, педагогикалық ғылымдар магитсрі А.Е. Әлімбаев ІІ орынға ие болды.