Педагогика кафедрасы Наурыз мейрамын атап өтті

2024 жылдың 19 наурызында педагогика кафедрасында Наурыз мейрамы аясында «Армысың, әз-Наурыз!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Оның барысында қонақтарға бойжеткенге шашбау, шолпы тағу, бозбаланың жеті қаруын сайлау ғұрпы атты қазақ халқының ұмытылған дәстүрлерін қарау ұсынылды.