Педагогика кафедрасы оқытушыларының академиялық ұтқырлығы

2022 жылғы 15-17 ақпанда шығыс шетелдік академиялық ұтқырлық шеңберінде Еуразия гуманитарлық институтының аға оқытушысы Абылханова Бақыт Қырғызғалиқызы «Қырғызстан Халықаралық университеті» БЖК «Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» кафедрасының 531500 – «Аймақтану», 531100 – «Лингвистика» білім беру бағдарламаларының студенттеріне ZOOM платформасында философия бойынша дәріс сабақтарын өткізді.