Педагогика кафедрасы оқытушыларының академиялық ұтқырлығы

Жоғары оқу орындары арасындағы академиялық ұтқырлықты іске асыру шеңберінде «Білім беру қызметтерін көрсету саласындағы өзара ынтымақтастық туралы» келісім негізінде Нұр-Сұлтан қаласының Еуразия гуманитарлық институты педагогика кафедрасының оқытушылары қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттеріне дәріс оқиды.

Педагогика кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., профессор Нығыманова Нұрбану Төкенқызы қазіргі уақытта «Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ (Павлодар қ.) білім алушылары үшін сабақ өткізуде. Дәрістер 6В01210 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу педагогикасы» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған «Этнопедагогика» пәні бойынша 2021 жылғы 15 қарашадан 13 желтоқсанға дейін 5 кредит көлемінде өтеді.