Педагогика кафедрасында Дүниежүзілік философия күні

2023 жылғы 16 қарашада А.Қ. Құсайынов ат. Еуразия гуманитарлық институтының педагогика кафедрасында Дүниежүзілік философия күнін атап өтті. Мерекелік іс-шаралар аясында кафедраның аға оқытушысы Б.К. Абылханова ШТ-22-01 академиялық тобында интеллектуалды ойын форматында философия бойынша (2 курс, «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы) ашық сабақ өткізді.

Сабақ квесттер, топтық жұмыс, белсенді оқыту және т. б. сияқты заманауи білім беру технологияларын пайдалана отырып өтті.