Педагогика кафедрасында «Педагогикалық сынып» бағдарламасын іске асыру

2023 жылғы 6 қарашада А. Қ. Құсайынов атындағы ЕАГИ мен Астана қ. №26 мектеп-гимназиясының ынтымақтастық туралы шарт негізінде «Педагогикалық сынып» атты педагогика кафедрасының бағдарламасы басталды. Қолданыстағы бағдарламаның негізгі идеясы мұғалім мамандығын таңдаған жоғары сынып оқушыларын педагогика теориясы мен практикасына енгізу болып табылады. 9-11 сынып оқушыларының мақсатты тобының сабақтары аптасына 4 рет өткізіледі және мұғалім мамандығы туралы түсініктерді қалыптастыруға, коммуникативтік дағдыларды дамытуға, тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын игеруге бағытталған. Бағдарламаны лекторлар п.ғ.д., профессор Б.С. Сарсекеев және п.ғ.к., профессор Н.Т. Ныгыманова жүзеге асырды.