Педагогика кафедрасындағы ішкі академиялық ұтқырлықты іске асыру шеңберіндегі дәрістер

Ішкі академиялық ұтқырлықты іске асыру шеңберінде 2023 жылдың 1 қарашасынан бастап С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Педагогикалық білім және менеджмент» кафедрасының сениор-лекторы, п.ғ.м. Г.К. Макшиева А. Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының студенттері үшін «Сыни ойлау»  пәні бойынша дәріс оқи бастады. Сабақтар оқытудың әртүрлі интерактивті әдістерін (зерттеудің алты кезеңі, класстерлер, миға шабуыл, борттық журнал және т.б.) пайдалана отырып жүргізіледі.