Педагогика кафедрасындағы өндірістік практика туралы: онлайн конференция

2020 жылы 26 қарашада педагогика кафедрасының ұжымы барлық оқу формасында білім алып жүрген студенттермен қашықтықтан өткізілетін кәсіби іс-тәжірибенің өзекті мәселелері бойынша онлайн-конференция ұйымдастырды. Конференция барысында ЕАГИ карьерасы мен кәсіби іс-тәжірибиесінің үйлестірушісі  Оспанова А.Т. және кафедра бойынша кәсіби іс-тәжірибесінің үйлестірушісі Болатбекова Н.Ж. студенттерге практика барысы, өткізілу формасы, практика базалары және есептік құжаттама үлгілерін толтырудың ерекшеліктері туралы жеткізді. Студенттер өте белсенділік танытып, толғандырған сұрақтарына жауап алды.