Педагогика кафедрасының аға оқытушылары Ж.Е. Турманова мен Н.Ж. Болатбекова республикалық деңгейде онлайн семинар-тренинг жүргізді

2021 жылдың 18-29 қаңтар күндері педагогика кафедрасының аға оқытушылары Турманова Ж.Е., Болатбекова Н.Ж., Аязбаева А.Т., Бухарова А.Б. ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мен ЮНИСЕФ-тің “Қазақстан Республикасында ВИЧ-инфекциясы эпидемиясының таралуынан балалар мен жасөспірімдерге және олардың ата-аналарына психологиялық-әлеуметтік қолдау мен бейімдеуді дамыту” жобасы аясында ЮНИСЕФ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің бірлескен жобасы және “Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» РҚБ-нің әзірлеген бағдарламасы бойынша жаттықтырушыларға арналған онлайн-тренингке қатысты.

2021 жылдың 18 ақпанында осы бағдарламаның негізінде Ж.Е. Турманова мен Н.Ж. Болатбекова республикалық деңгейде “Балаларды қатыгездіктен қорғау”, “Стигма және дискриминациядан арылу” тақырыптарында онлайн семинар-тренинг жүргізді. Онлайн семинар-тренингке ЕАГИ-дің “Педагогика және психология”, “Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі”, “Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы» білім беру бағдарламаларының студенттері мен Нархоз Университетінің «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасының, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасының студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты.