Педагогика кафедрасының доценті К.А. Мухамбетова әлеуметтік қызметкер-практиктерді оқытуға қатысады

Әлеуметтік ғылымдар кандидаты, педагогика кафедрасының доценті К.А. Мухамбетова 2018 жылдың сәуір айынан бастап М.С. Нарикбаев атындағы ҚазМЗУ Университеті жанындағы Басқару, қауіпсіздік және әлеуметтік бағдарламалар академиясының базасында өтетін әлеуметтік қызметкер практиктерді оқытуға қатысады. Академия ұйымдастырған біліктілікті арттыру курстарына Қазақстанның барлық жерінен тыңдаушылар төртінші рет келеді.