№ 69 «Еркем-ай» балабақшасында «Профессор сабағы» жобасы басталды

2022 жылдың 2 наурызында Еуразия гуманитарлық институтының педагогика кафедрасының доценті, п.ғ.к. А.Б. Бадел Нұр-Сұлтан қаласының білім беруді жаңғырту орталығы ұйымдастырған «Профессор сабағы» жобасына қатысты. Ақжарқын Баделқызы кафедраның филиалы болып табылатын №69 «Еркем-ай» балабақшасында мектепке дайындық тобының балаларымен сабақ өткізді. Балаларды оқыту кезінде сөйлеу және ұсақ моториканы дамыту үшін тиімді әдістер мен тәсілдер қолданылды.