«Девиантты мінез-құлыққа бейім жастардың құқықтық құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбына онлайн-семинар

2022 жылғы 3 наурызда Еуразия гуманитарлық институтында «Девиантты мінез-құлыққа бейім жастардың құқықтық құзыреттілігін қалыптастыру» онлайн-семинары ұйымдастырылды, онда спикер ретінде ҚР заңнама және құқықтық ақпарат институтының ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының магистрі М.К. Журунова сөз сөйледі. Семинарға педагогика кафедрасының оқытушылары, педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларының студенттері, сондай-ақ 6В04209 – «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттері қатысты.

Мереке Конысхановна, қызықты практикалық тапсырмаларды, кейстер мен тақырып бойынша тапсырмаларды қолдана отырып, студенттердің семинарға белсенді қатысуына қол жеткізді. Соңында оқытушылар мен студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды.