ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

2021 жылдың 22 қантарында педагогика кафедрасы Нұр-Сұлтан қаласының № 18, 64 мектептерінің, Көкшетау қаласының №14 мектебінің түлектерімен кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша ZOOM платформасында онлайн-семинар өткізді.

Кәсіптік бағдар беру онлайн-семинарды педагогика кафедрасының меңгерушісі, профессор Н.Т. Ныгыманова ашып берді.

Аға оқытушы Н.Ж. Болатбекованың ұйымдастыруымен Еуразия гуманитарлық институтының педагогика кафедрасының әр мамандықтары туралы түлектерге толық ақпаратты доцент Р.У. Накипбекова, доцент Г.Б. Сулейменова, доцент А.Т. Аязбаева, оқытушылар А. Оқай, Ж.Е. Турманова, Г.Е. Жармаханова берді. Түлектер тарапынан қойылған сұрақтарға институтымыздың қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы А.К. Жантаева жауап берді.