ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ

2020 жылдың 22 желтоқсанында педагогика кафедрасы аға оқытушы Н.Ж. Болатбекованың басшылығымен Еуразия гуманитарлық институты колледжінің, гуманитарлық колледждің, Нұр-Сұлтан қаласының Менеджмент және бизнес колледжінің, Көкшетау қаласының Көкшетау гуманитарлық-техникалық колледжінің түлектерімен кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша онлайн-семинар өткізді. Іс-шараны оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор т.ғ.д., профессор Қ.Ә. Ахметов ашты. Онлайн-семинарға 120-дан астам қатысушы қатысты, оның ішінде кафедра мамандықтары бойынша 5 түлек, олар сөз сөйлеп, мамандықтың ерекшеліктерімен, сондай-ақ еңбек қызметінің мүмкіндіктерімен бөлісті. Тыңдаушылар оқуға түсу ережелері бойынша қызықтыратын сұрақтарын қойды, оларға қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы А.К. Жантаева толық жауап берді.

Колледж басшылары ЕАГИ педагогика кафедрасының ПОҚ-қа ынтымақтастығы үшін алғыс айтып, алдағы жұмысына табыс пен сәттілік тіледі!!!