Педагогика кафедрасының студенттерін практикаға жіберу бойынша конференция

2021 жылғы 8 желтоқсанда педагогика кафедрасының білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі және қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып күндізгі бөлімдері студенттерімен практика барысы бойынша конференция ұйымдастырылды. Конференцияға ЕАГИ-дің мансап және кәсіптік практика үйлестірушісі  Оспанова А.Т. мен кафедраның профессорлар-оқытушылар құрамы қатысты.

Кафедра бойынша кәсіптік практика үйлестірушісі  Болатбекова Н.Ж. студенттерді практикадан өту кестесі, практика бағдарламасы, студенттердің міндеттері, есептік құжаттамаға қойылатын талаптар және т.б. мәселелер бойынша ақпараттандырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Студенттер практика барысы бойынша толғандырып жүрген сұрақтары бойынша толық ақпарат алды.