Педагогика және тарих кафедрасында академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру
2025 жылғы 26 ақпанда академиялық ұтқырлықты іске асыру шеңберінде Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының жетекшісі Г.С. Аяпбергенова А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының студенттеріне «Жас ерекшелік психологиясы» пәні бойынша «Тұлғаны психологиялық түзету – психологтың қызмет саласы ретінде» тақырыбында дәріс оқыды.