«Педагогикалық класс» бағдарламалық жобасы өз жұмысын белсенді жалғастыруда

 

2023 жылғы қарашада А.Қ. Құсайынов ат. ЕАГИ және Астана қаласының № 26 мектеп-гимназиясының ынтымақтастық туралы шарт негізінде басталған «Педагогикалық класс» бағдарламалық жобасы өз жұмысын белсенді жалғастыруда.

2024 жылдың 7 ақпанында мектепте п.ғ.д., профессор Б.С. Сарсекеев және п.ғ.к., профессор Н.Т. Ныгыманова жүргізген сабақтарды «Хабар 24» ҚРТ журналистері түсірді. Өз сұхбатында Б.С. Сарсекеев журналистерге кіші сыныптың бағдарламасы, мақсаттары мен міндеттері туралы айтып, жұмыс нысандары мен әдістерін ашып, мектеп басшылығына ынтымақтастық үшін алғысын білдірді.