Педагогикалық сынып: Болашаққа қадам

2025 жылдың 2 қазанында Мұғалімдер күні қарсаңында Астана қаласы №26 мектеп-гимназиясының педагогикалық сынып оқушылары мектеп директоры О. Е. Тодераштың жетекшілігімен А. Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтына келіп, оқу орнының мүмкіндіктерімен танысты.

Оқушылар ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор С. А. Есқалиевпен, педагогика және тарих кафедрасының аға оқытушысы Г. Е. Жармахановамен кездесті. Сондай-ақ декан Т. Н. Кемайкина портфолио табыстап, институт жайлы жан-жақты мағлұмат берді.

Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға кәсіби бағдар беру және педагогикалық мамандыққа қызығушылығын арттыру.