«Педагогтарды үздіксіз кәсіби даярлауға құзыреттілік тәсіл»

2022 жылғы 8-15 желтоқсанда ынтымақтастық шеңберінде және оқытушылардың біліктілігін арттыру мақсатында «Қырғызстан Халықаралық университетінің» доценті, PhD докторы А.Т. Ибраева (Бішкек, Қырғызстан) Еуразия гуманитарлық институтты педагогика кафедрасының оқытушылары үшін «Педагог кадрларды үздіксіз кәсіби даярлауға құзыреттілік тәсіл» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізді. Семинар барысында болашақ педагогтарды даярлаудың өзекті мәселелері қаралды. Семинардың барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды.