«Педагогтің психологиялық саулығы» тақырыбында семинар-тренингі

24 желтоқсан 2021 жылы Еуразия гуманитарлық институтының психологі Болатбекова Н.Ж «Педагогтің психологиялық саулығы» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды. Өзара ынтымақтастық аясында Нұр-Сұлтан қаласының «Жоғары политехникалық колледж» мұғалімдері мен институт оқытушылары қатысты.

Семинар тренинг барысында  педагогтің психологиялық саулық мәселесі оның кәсіби іс-әрекетінде маңызды екендігі айтылды. Сондай-ақ қатысушылар өз ойлары мен пікірлерін ортаға салып, түрлі практикалық жаттығулар орындады.