Пікір-сайыс турнирі

2015 ж. 19 қараша Студенттік «Виктория-ЕАГИ» дебат клубы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастар» тақырыбында пікір-сайыс турнирін өткізді. Іс-шара шақырылған қонақтар: Д.И. Райымбаев – Астана қаласы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменті жемқорлыққа қарсы кеңесшісі, Я.Н. Оспанов – ЕАГИ Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, Қ.С. Қалдыбаев – «Мемлекеттік-құқықтық пәндер» кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, А.Ш. Аккулев – заң ғылымдарының кандидаты, доцент, Н.Т. Тырнахан – ЖІК төрайымы, сондай-ақ студенттік бірлестіктердің жетекшілері. Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес идеялар мен тетіктері, осы проблеманы шешу үшін заңнаманы жетілдіру жолдарын назар аударылды. Дебат турнирінің үздік спикері деп «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы 2-курс студенті Картаева Айжан танылды.