«Плагиаттың алдын алу әдістері» атты семинар-тренинг

2019 жылдың 28 қазанында Еуразия гуманитарлық институтында институт оқытушылары мен қызметкерлеріне «Антиплагиат» бағдарламасы бойынша «Антиплагиаттың алдын алу әдістері» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинарды «Plagiat.pl» компаниясының өкілдері Ю. Кальчун мен Е. Өмірза ұйымдастырды, ол Алматы қаласында орналасқан Қазақстандағы алғашқы және жалғыз плагиатқа қарсы компания болып табылады.

Академиялық адалдық Еуразия гуманитарлық институтының құндылық жүйесінде негізгі орын алады, сондықтан курстық жұмыстар, қорытынды біліктілік жұмыстары (дипломдық жұмыстар / магистрлік диссертациялар) плагиат және жазба жұмыстарының түпнұсқалық екенін анықтау үшін тексеріледі. Жұмысты тексеру EAГИ базасында жүзеге асырылады. Плагиатқа қарсы жүйені енгізу білім алушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне ықпал етеді, мәтіндерді жазу дағдысын дамытады, дереккөздермен тиімді жұмыс істеуді үйренуге көмектеседі және олардың бастапқы шығармашылығының байқалуына мүмкіндік туғызады. Семинарға қатысушылар Strikeplagiarism.com жүйесінің жұмысымен, плагиаттың алдын алу бойынша қажетті шаралармен танысты.