Практика алдында…
2019 жылғы 3 желтоқсанда ПМНО-17-01 тобы қазақ және орыс филологиясы кафедрасының доценті Д.Б. Аманжолованың жетекшілігімен адамгершілік-рухани білім беруді енгізу бойынша сынамалы ұйым болып табылатын №59 мектеп-лицейінде болды. Сабаққа қатысу және талдау «Орыс тілін оқыту әдістемесі» пәнін меңгерту аясында соңғы кезең болып табылады, оның мақсаты жаңартылған бағдарлама бойынша орыс тілін оқыту (немесе сауат ашу) тәжірибесімен таныстыру. Шағын топтарға бөлінген 3 курс студенттері білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқытылған мұғалімдердің бірнеше сабақтарына қатысты.
Сабақ аяқталғаннан кейін семинар түрінде пікірталас өтті, онда мектеп директорының орынбасары Қоңырова Зухра Қанатқызы бағдарлама, мектеп қызметінің бағыттары, мектеп мұғалімінің қиындықтары мен қуаныштары туралы әңгімеледі.
Студенттер практикада мұғалімдердің сабақты қалай ұйымдастыратынын, білім беру мақсатына жету үшін қандай әдістер мен тәсілдер қолданылатынын, пән бойынша бағалаудың қалай болатындығын және т.б. көре алды.
Оқушы және мұғалімдермен танысқаннан кейін мектепке саяхат жасалды, ол кең, жарық сынып бөлмелерімен, жабдықталған кабинеттерімен, ауқымды кітапханасымен, безендірілген холл және залдарымен таң қалдырды.