Президент Жолдауын талқылау

2018 жылдың 5 қазанында Президент Н.Ә. Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын жасады.

Еуразия гуманитарлық институты «Құқықтану» мамандығының (ЮК-16-01 тобы) студенттері үшін Жолдаудың негізгі ережелерін талқылау бойынша ашық сабақ өткізілді.

Сабақтың негізгі мақсаты – Жолдаудың мәні мен басты міндеттерін ашу, ел және әрбір азамат үшін ҚР Президенті үндеуінің маңыздылығын түсіну, студенттердің пікір алысуы.

Студенттер өздерінің баяндамаларын қазақ және орыс тілдерінде ұсынды. Студенттер өз пікірлерінде Қазақстан халқына Жолдауда көрсетілгендей Қазақстанның әл-ауқаты біріншіден табыс пен тұрмыс сапасының жүйелі түрде артуына байланысты екендігімен келісетіндіктерін айтты.

Ашық сабақ жоғары ұйымдастырылған және мазмұнды деңгейде өтті. Студенттер Жолдаудың ережелерін талқылауда белсенділік пен қызығушылық танытты.