Президент Жолдауын талқылау
26 қазанда экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының оқытушылары осы жылдың 5 қазанындағы ҚР Президенті Нұрсултан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбында Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған кураторлық сағаттар өткізді.
Жолдауды талқылау барысында студенттер Елбасының бастамасын қолдайтындарын айтып, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру бойынша 6 факторды атады. Оның ішіне білім беру, денсаулықты сақтау және өмір жағдайын дұрыстау қажеттілігін қолдауды жатқызды. Кураторлық сағаттың қатысушылары жоғары білім беру мәселелері туралы айтылған Жолдаудың бөліміне ерекше көңіл бөлді.