Президент Жолдауын талқылау

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылау

2018 жылдың 8 қазанында Еуразия гуманитарлық институтында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауына арналған кафедра меңгерушілерінің, профессорлық-оқытушылық құрамның, қызметкерлердің және студенттік белсенділердің қатысуымен ректораттың кеңейтілген мәжілісі өтті. Институт ректоры, академик А.Қ. Құсайынов өз сөзінде Президенттің Қазақстан халқына арнаған жаңа жолдауы өзінің мәні бойынша халықтың және мемлекеттің ең басты, өзекті мәселелеріне жауап беретінін ерекше атап өтті.

Ары қарай А.Қ.Құсайынов Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауының негізгі ережелеріне тоқталды. Қазақстан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу үшін әлемдік қоғамдастық таңдаған ТМД және Орта Азия елдерінің арасында бірінші мемлекет болып танылғаны айтылды. Динамикалық түрде дамып келе жатқан экономикасы бар заманауи озық мемлекет құрып, біз бейбітшілік және қоғамдық келісімді қамтамасыз еттік.

Сонымен бірге Президент Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде дүниежүзілік саяси және экономикалық өзгеру процесі соңғы кезде нығайып келе жатқанын айтты. Қазіргі уақытта жаһандық және жергілікті мәселелер үндеседі. Осындай жағдайда мемлекеттің табысты болуының кепіліне басты байлық болып саналатын адамзаттың дамуы жатады. Үкімет, әрбір мемлекеттік орган, мемлекеттік компаниялар жұмысқа деген ыңғайларын өзгертулері қажет. Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі басты басымдылыққа жатуы тиіс. Сонымен бірге Жолдауда гранттар санын арттыру, жауапкершілікті нығайту туралы идея айрықша баса айтылды.

ЖОО табыстылығы бағасының басты критериі оқуды бітірген соң түлектердің жұмыспен қамтамасыз етілуі, көп ақылы жұмысқа орналасулары болып табылады. ЖОО-ны нығайту бойынша саясатты жүргізу керек. Бірінші проректор А.Ж.Исмаилов, оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Қ.Ә.Ахметов, тәрбие ісі жөніндегі проректор Я.Н. Оспанова, ЕАГИ деканы Қ.А.Мамаділ, педагогика кафедрасының меңгерушісі Б.С.Сәрсекеев, заң пәндер кафедрасының меңгерушісі Х.А.Әбишев, экономикалық және математикалық пәндер кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Б.Б.Мажитова, ЖІК төрағасы Н.Тырнахан, «Тарих» мамандығының 4-курс студенті А.Домесинова өз сөздерінде Президент айтқан міндеттерді жүзеге асыруда курсты қолдады.