Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын талқылау
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 01.09.2020ж. «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында 28.09.2020ж. «Экономикалық және математикалық пәндер» кафедрасының ОПҚ мен «Қаржы» мамандығының студенттері Zoom платформасында онлайн дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел барысында кафедра профессоры э.ғ.к., Жүкібай М.Ы. бұл жолдаудың ерекшеліктеріне: тұрғындарға зейнетақысының бір бөлігін алуға рұқсат ету, толыққанды білім үдерісі үшін қажетті барлық функциясы бар бір онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу қажеттігін және т.б. маңызды салалар туралы тоқталып кетті.
Сонымен қатар «Қаржы» мамандығының 4 курс студенттері Акенова А. «Мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі» және Жалмышева Д. «Қолжетімді әрі сапалы білім» бөліміне, 3 курс студенті Штеккен Н. «Жаңа жағдайдағы экономикалық даму», 2 курс студенттері Токова А. «Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – басты басымдық» Смағұл Қ. « Цифрландыру – барлық реформаның негізгі элементі» бөлімдері бойынша баяндамалар дайындап өз ойларымен бөлісті.