Профессорлық сағат

2023 жылдың 10 наурызында Астана қаласының №30 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері К. Медетбеков пен П. Рақымберлі ұйымдастырған профессорлық сағат өтті.

Іс-шараға қазақ және орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, философия докторы (PhD), доцент А.Е. Әлімбаев қатысып, 10-сынып оқушыларының алдында «ХХІ ғасыр және ұлттық руханият» тақырыбында баяндама жасап, мәдениет пен әдебиет туралы өз ойларымен бөлісті.