ҚР Конституциясының 25 жылдығына арналған халықаралық онлайн-конференция

2020 жылдың 27 тамызында заң пәндері кафедрасының профессорлар-оқытушылар құрамы Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған «ХХІ ғасыр Конституциясы – құқық ұлықтылығы, адам құндылығы және мемлекеттің тиімділігі» атты халықаралық онлайн-конференцияға қатысты.

Конференция жұмысына Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарының басшылары, беделді халықаралық ұйымдардың, шет елдердің конституциялық бақылау органдарының өкілдері, сондай-ақ белгілі құқықтанушы ғалымдар қатысты.

Халықаралық форумды Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Мәми ашты, ол Конституцияның жалпыға бірдей танылған құндылықтарының мемлекет тұрақтылығы мен қарышты дамуының кепілі ретінде халық үшін маңыздылығын ерекше атап өтті.