ҚР Ұлттық музейінде «Алтын адамның арқалаған аманаты» тақырыбындағы іс-шара
2025 жылдың 11 сәуірінде «Педагогика және тарих» кафедрасының аға оқытушысы Шокатова А.К., Т-24-01 академиялық тобының студенттерімен, ҚР Ұлттық музейінде өткен, Мағрипа Жылқыбаеваның 80 жылдығына орай «Алтын адамның арқалаған аманаты» тақырыбындағы іс-шараға қатысты. Іс-шара барысында модератор т.ғ.к. Гиззатов С.М. (ҚР Ұлттық музейінің ғылыми хатшысы) және баяндамашылар әртүрлі тарихи тақырыпта қызықты ақпараттармен бөлісті.