ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті өкілдері ЕАГИ-де

Бүгін А. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Ербол Қабдығалиұлы Жолданғар, Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Алия Бегалықызы Смағұлова және бас маман Жайна Алиевна Алимова институт студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында жастарды мемлекеттік қызметке тарту, кәсіби өсу мүмкіндіктері мен «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жобасы таныстырылды.

Аталған жобаның негізгі мақсаты – жастардың мемлекеттік қызметке қызығушылығын арттыру, практикалық тәжірибе жинақтауға және болашақ мансабын мемлекеттік қызметте бастауға мүмкіндік беру.