ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Қазақстанның жаңа экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылаймыз
Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстанның жаңа экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған жиналыс өтті. Оған экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының және педагогика кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысты. Іс-шараның модераторлары: экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының профессоры Г.Д. Тажбенова, кафедра доценті А.А. Ахметова болды. Кездесуге қатысушылар өз сөздерінде Президенттің Қазақстан халқына жолдауындағы ұстанымын қолдай отырып, әділ Қазақстандағы экономиканы дамытудың негізгі бағыттарына тоқталды.