ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын талқылау
2022 жылғы 14 қыркүйекте экономикалық және математикалық пәндер кафедрасында Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Гүлденген қоғам» Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізді
Іс-шараның модераторлары кафедра оқытушылары доцент Б.Б. Мәжитова, аға оқытушы Ж.Д. Дәулетханова, аға оқытушы М.А. Садықова болды. Талқылауға «Қаржы» білім беру бағдарламасының 1-4 курс студенттері Малютина М., Токова А., Абдыбекова Г., Аманжолова А., Нуркеев А. және т. б. қатысты. Кездесуге қатысушылар Қазақстан халқына Жолдауында баяндалған Президенттің ұстанымын қолдады.