ҚР Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау

2021 жылғы 7-15 қыркүйек аралығында заң пәндері кафедрасының академиялық топтарында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың 1.09.2021 ж. «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша кураторлық сағаттар өтті. Топ кураторлары: доцент Ж.Н. Альмухамбетов, аға оқытушы Г.Е. Мусинова, аға оқытушы А.Э. Тортаева баяндама жасады. Студенттер Президент Жолдауында көрсетілген мәселелер бойынша сұрақтар қойып, пікір алмасады. Сондай-ақ талқылау барысында саяси жаңғырту және адам құқықтарын қорғау мәселелері қозғалды.