ҚР тәуелсіздік күніне арналған кураторлық сағат

2022 жылдың  8 желтоқсанында, заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі А.Э. Тортаева  ЮҚ-20-01 кураторлық тобымен ҚР тәуелсіздік күніне арналған «1986 жылғы желтоқсан оқиғасы» атты кураторлық сабақ өткізді. Кураторлық сағатқа ЮҚ-20-01 тобының студенттері презентация әзірлеп, 1986 жылы болған тарихтағы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуының негізгі алғышарты екенін ескеріп, желтоқсан оқиғасына қатысты тарихи мәліметтерді, көптеген тарихи оқиғаларды атап өтті. Желтоқсан оқиғасын еске алатын көптеген әндер, өлеңдер, газет басылымдары, кинофильмдер шығарылғаны айтылды. Солардың ішінде «Желтоқсан желі» әні сол кездегі желтоқсанның қанды аязын еске түсіретіндей, әсерлі әнді топ студенттері бірге орындап, көңілді босатар күй шертіп, желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алды.

Кураторлық сабақты қорытындылай келе, заң пәндері кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, доцент Қ.С. Қалдыбаев, болашақ Жаңа Қазақстан құрушы жастарға тарихымызды ұмытпай,  болашақта жарқын белестерге жетуге тілектестігін білдірді.