ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің «Цифрлық трансформация дәуіріндегі дағдылар мен құзыреттер» дәрісі

2022 жылғы 15 қазанда академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университетінің базасында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің «Цифрлық трансформация дәуіріндегі дағдылар мен құзыреттер» тақырыбында дәрісі өтті, оның тыңдаушыларының қатарында Еуразия гуманитарлық институтының да студенттері болды.

Министрлік басшысы қазіргі заманда сұранысқа ие мамандықтар мен технологиялар туралы айтып берді. Студенттер қызықты және танымдық дәріс үшін алғыстарын білдірді.