Ректорға сұрақ

Сұрақ: Қайырлы күн. Мен 3-курс студентімін. Мен коронавирусқа қарсы вакцина алғым келеді. Мен мұны қалай істей аламын?

Жауап: Сәлеметсіз бе. Сіз бірнеше жерде вакцинация ала аласыз:

  • тұрғылықты жері бойынша емханада;
    тұрғылықты жеріне байланыстырмай егу пунктінде.

Егу пункттері енді ССО-да және базарларда орналасқан. Бірақ алдын ала сіз қоңырау шалып, вакцинаның болуын тексеруіңіз керек. Егер сіз емханада вакцина алғыңыз келсе, алдымен тіркелуіңіз керек:

  • Damumed мобильді қосымшасы арқылы: жеке кабинетте учаскелік дәрігердің қабылдауына жазылу және ескертпеде мақсат – КВИ-ға қарсы екпе алу екенін көрсету;
  • телефон арқылы;
  • электрондық үкімет сайты арқылы.

Учаскелік дәрігер пациентті вакцинация кестесіне қойғаннан кейін, науқастың жеке нөміріне вакцинация күні, уақыты және орны көрсетілген SMS-хабарлама жіберіледі. Вакцина алуға келген кезде өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы қажет.